Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Батыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тау асуларында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Астана қаласында қалың тұман болады.