Азия чемпионы атанды
Азия чемпионы атанды
381
оқылды
Су добынан Cингапурдегі Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанды. Қазақстандық спортшылар қа­та­рынан бес кездесуде жеңіске жетті. Топтық кезеңде құрамалар әрбір қарсыласымен екі ойын өткізді. Нәтижесінде, олар Синга­пурды 12:7, 13:2, Таиландты 16:10, 13:8 есебімен жеңді. Сондай-ақ олар Өзбекстаннан 11:9 есебімен басым түсті. Осылайша, қазақ­стандық спортшылар 15 ұпай жинап, бас жүлде тағдырын күні бұрын шешті. Ал еліміздің ерлер құрамасы жар­тылай финалда Қытайға 1:10 есебімен жол берді.