«AMANAT» партиясы ұсынған депутаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеу рәсімінен өтті. Оларға куәлік пен төсбелгі табысталды.
«Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы былтыр маусым айында өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесіне сәйкес бастау алған еліміздегі ауқымды сайлау циклін түйіндеді. Конституциялық реформаның қорытындысы бойынша, биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа бәсекелестік ережелері заң жүзінде ресімделді. Сайлау өткізудің жаңа форматы мүдделі азаматтардың саясатқа араласу мүмкіндігін едәуір кеңейтіп, электоралдық алаңдағы жұмысты жандандырды», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.