Мәжілістің жалпы отырысы барысында палата төрағасының екі орынбасары сайланды.
«ҚР Парламенті және оның депутаттың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 9-бабы 8-тармағына сәйкес, палата депутаттары арасынан Мәжіліс төрағасының ұсынуымен палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланатын 2 орынбасары болады. Сондықтан өзіме берілген құқықты пайдалана отырып, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары лауазымына, алдымен Мәжіліс депутаты Альберт Раудың кандидатурасын ұсынамын», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысы барысында.
Дауыс беру барысында отырысқа қатысқан 97 депутаттың 96-сы Альберт Рау кандидатурасын қолдап, 1 депутат қалыс қалды.
Кейін Мәжіліс төрағасы 2-ші орынбасары лауазымына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.
«Дания Мәдиқызы тәжірибелі экономист. Көп жыл басшылық қызметте, банк секторында жұмыс істеді. 7-сайланымдағы Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болып, заң шығару қызметіне белсене атсалысты. Өзін кәсіби маман ретінде көрсете білді», – деді Ерлан Қошанов.
Дания Еспаеваның кандидатурасын 94 депутат қолдады, бір депутат дауыс берген жоқ, 2 депутат қалыс қалды.