UEFA Асхат Тағыбергеннің голын үздіктер қатарына енгізді
UEFA Асхат Тағыбергеннің голын үздіктер қатарына енгізді
893
оқылды
UEFA (Еуропа футбол қауымдастығының одағы) Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан голын Еуро-2024 іріктеу кезеңінің екінші кезеңіндегі үздік гол атағына ұсынды. Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Астанада Дания құрамасын 3:2 есебімен сенсациялық түрде ұтқан болатын. Сондай-ақ, үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар.