Баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекеті
Баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекеті
516
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құрудың маңыздылығына тоқталды.
«Біздің еліміздің алдында өңірлік цифрлық хаб мәртебесін нығайту бойынша стратегиялық міндет тұр. Осы бағытта табысты болу үшін «цифрлық номадтардың» серпінді идеялары мен шығармашылық энергиясын пайдалану қажет. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру да маңызды. Ол экономикалық күйзелістерге және адамдардың қажеттіліктерінің өзгеруіне жедел жауап беруі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік қорғаудың ең жақсы шарасы – жаңа жұмыс орындарын құру, қайта оқыту және бизнес бастамаларды қолдау арқылы халықты жұмыспен қамту.
«Бұл ретте азаматтарды тиісті әлеуметтік кепілдіксіз қалдыратын көлеңкелі жұмыспен қамтудың төмендеуі түйінді мәнге ие. Белгіленген тәсілдер әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, баршаға бірдей мүмкіндіктер мемлекетін құруға жәрдемдеседі», – дейді Мемлекет басшысы.