Қазақстан мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылық
Қазақстан мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылық
4,087
оқылды
Сан ғасырлық даму тарихы бар қазақ өнері мен мәдениеті кемел шыңына жеткен аса бай құндылықтарға толы тылсым әлем. Заман ағымына сай, ұрпақтан-ұрпаққа өз жалғасын тауып, халқымыздың тарихында ерекше орын алған жайы бар. Осылайша, өзіндік қалыптасу жолы мен әралуандығы, таңғажайып құбылыстары бар киелі өнер – шеңбері кең ұлт қазынасына айналды. Қазақ мәдениетінің құндылығы неде? Идеологиялық орны қандай? Мәдениеттің құндылығы сол – адам бойындағы кісілік қасиетті, ақылдылық пен білімпаздылықты, парасаттылық пен әдептілікті, яғни  барлық рухани құндылықтарды қамтамасыз етеді. Осыдан барып төл мәдениеттің көрінісі анықталып, адам әлемі тұлғалық деңгейге жетеді. Өз кезегінде идеологиялық күш те мәдениеттің қалыптасуына себін тигізеді. Өйткені адами түсінік қалыптасып, тарихымыз, тіліміз, дініміз, руханиятымыз және салт-дәстүріміз көрнекті өмір дамуының ағымына ілесіп кете береді. Осы орайда талантты ақын Ханбибі Есенқарақызының «Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін – әдебиет, өнер адамдары» деп айтқан керемет бір сөзі ойға келеді. Сол айтқандай, мәдениет саласында жүрген мамандардың өнерді дамытып қана қоймай, рухани өмірде де белсенді қызмет атқарары сөзсіз. Сондай-ақ қазақтың рухани мәдениетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаларымыз ұлы Абай,  Әлихан Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында мәдениеттің қалыптасуындағы идеологияның маңыздылығын кеңінен ашып береді.
Неміс публицисі, әдебиеттанушы Адам Мюллердің есімі мәдениет философиясымен тығыз байланысты. Ғалым өз тұжырымдамасында әлеуметтік-философиялық теорияның мемлекет және қоғам идеясын дамытатыны жайлы пікір қалдырған болса, Үндістанның саяси қайраткері Джавахарлал Неру «Мәдениет – ақыл мен рухтың кеңеюі» деген екен.
Иә, мәдениет – тарихи құбылыс. Оның адам өміріне тигізетін ықпалы өте зор. Адамзат ғұмыры жер бетінде қанша ғасыр өмір сүріп жатыр, сонша ғасыр мәдениет дамуының куәсі болып келеді. Мәдениеттану ғылымында «дәуір мәдениеті», «этнос мәдениеті», «ұлттық мәдениеті», «шығыс мәдениеті», «батыс мәдениеті» және т.б. осылайша жалғасып кете береді. Ал бүгінгі күні біз жаңа заманның, жаңа дәуірдегі мәдениеттің ұрпақтары екеніміз баршаға аян. Қазақстан Әдетте құндылық туралы сөз қозғағанда оны адам қажеттілігінің бейнесі ретінде қарастырсақ, мәдениет саласында рухани құндылықтарға негіздейміз. Ал құндылық мәдениет және өнер ойлары мен идеяларын тереңдете түсіп, адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына тікелей байланысты. Мәдениет және өнер адамдары үшін мәдени құндылықтың орны қашан да бөлек. Себебі олар мәдениеттің мән-мағынасын, маңыздылығын, түп қазығын ішкі жан-дүниесімен сезінеді. "Мәдениеттің идеологиядағы орны қандай?" деген сұраққа келсек, қоғамдағы көрінісін, идеясын және қағидаларын айқын әрі нақты, баянды да берік, қазаққа тән ұлттық рухымызда сипаттау қажет етіледі. Кезінде қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлес қосқан режиссер және актер Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» фильмдерін әлі күнге дейін керемет әсермен көреміз. Өйткені бұл кинолардағы мәдени көрініс, мәдени идеология, мәдени айшықтау элементтері көрермендерге жеңіл және түсінікті тілмен жеткізілген. Одан бөлек, идеологиялық  әсері қоғам назарын бірден аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Қоғамды біріктіру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде еліміздің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі» деген болатын. Мәдениет қоғам дамуының маңызды аспектісі екені даусыз. Бұл мәселе –  жаһандану заманының қазіргі жағдайында ерекше өзекті. Біз мәдениет қайраткерлері ретінде мәдениет пен өнерді ұлттық саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ретінде қарастырудың маңыздылығын түсінуіміз керек. Жалпы алғанда, ұлт болып ұйысу, бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен білім басты рөл атқарады. Көптеген прозалық кітаптың авторы, жазушы Төлек Тілеуханның «Соңғы сері» атты кітабындағы басты кейіпкер Әбдірастың мына бір сөзі есіме түсіп отыр. «Өнерге құмарту – аз. Өнерге жан-тәніңмен ұмтылу керек. Берілу керек. Өзіңді аяма. «Жетілдім» деп тоқырама. Үйрене бер. Түрленте бер. Нәтижесі өзі келеді. Ел-жұртың бағалайды»,  – дейді. Демек, таза өнермен айналысу аздық етеді, бар ынта-ықыласыңмен, ептілікпен еңбек еткенде ғана әрбір іс өз жемісін береді. Бүгінде өнерпаздары «Ұлттық сахна өнерінің аңызы», «Қазақстанның алтын үні», «Қазақ өнерінің інжу-маржаны» саналатын «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы қазақ өнері мен мәдениетінің феноменіне айналды. Күні кеше қазақ өнерінің жарқын жұлдыздары салып кеткен ізді «Қазақконцерттің» мамандары лайықты жалғастыруда. Өнер ұжымы республикалық және халықаралық бағыттағы гастрольдік сапарларында әр кез халықтың ықыласына бөленіп, мәртебелі маман иелері атанып жүр. Бұл да болса  өнер ұжымының рухани мәдениетінің жоғары, музыкалық дәстүрі бай және мәдени құндылықтар мен идеологиясын биік ұстауында деп білеміз.
60 жылдан астам тарихы бар киелі шаңырақта әлем өнері мен мәдениетін терең меңгерген дарынды өнерпаздар еңбек етеді. Бұл ұйымның құрылуы еліміздің шежіресіне есімдері алтын әріптермен жазылған ұлы өнер қайраткерлерімен тығыз байланысты. Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова,  Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Мағауия Хамзин, Гүлжихан Ғалиева секілді Қазақстанның халық әртістерінің ізін жалғастырушылардан кейін қазір Роза Бағланова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Айжан Нұрмағамбетова және талантты жастар сахна төрінде жүр.
Өнер ұжымы мәдени саясатты ауқымды түрде жүзеге асырып келеді. Жақында «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында Наурыз мерекесіне орай «Қазақконцерт» әртістері гастрольдік сапарын батыс өңірінен (Маңғыстау, Атырау, Ақтобе, Батыс Қазақстан облыстары) бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқалаларды дамыту тапсырмасына сәйкес, әртістер елді мекендерді аралап, өңір тұрғындарына тегін концерт ұйымдастырып жатыр. Бұл бастама бір жағынан мәдениеттің ең озық үлгісі саналатын киелі өнермен халықты сусындату болса, екінші жағынан ұлттық мәдени кодты дамыту және әртістерді кәсіби шыңдау. Сонымен қатар көрерменге деген құрмет және отандық өнерге қолдау. Бұл жоба жыл бойы жалғасын табады. Әлі де облыс орталықтары мен ауылдық жерлерге концерттік бағдарлама ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазақстан Ақтоты Райымқұлова Қорыта айтқанда, Қазақстан мәдениетінің қалыптасуындағы идеологияның алар орны орасан зор. Адам табысқа жету үшін алдына мақсат қояды, мақсатқа жетуде де мықты идеология бар.  Ал мәдениет пен идеологияның, яғни идеологияның мәдениетке тікелей байланысы болып қала бермек.

Ақтоты Райымқұлова, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры