VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бастамашылық еткен іс-шараға ШОБ, салалық қауымдастықтар, құқық қорғау және қадағалау органдары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т.б. өкілдері қатысты. Жиын барысында қала әкімі ел ішінде бизнесті дамытуға және оларға шын мәнінде көмектесуге мүмкіндік беру маңызды екенін атап өтті. - Біз кәсіпкерлерге жүйелі қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар шара қабылдадық: АЭА және индустриялық парк аумағында преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен кредиттер беріледі, «Astana Invest» инвесторларына арналған фронт-офис жұмыс істейді, инженерлік желілерді жүргізуге, қажетті инфрақұрылымды құруға көмек көрсетіледі. Бірақ осының өзі де жеткіліксіз. «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп қосымша қолдау шараларын жасаймыз, оның ішінде бюрократиялық кедергілерді жою ісін де жалғастырамыз. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өтетін болады, - деді Жеңіс Қасымбек.