Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өз қызметінде қалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өз қызметінде қалды
971
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасап. Бағдат Батырбекұлы Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел университетін (2000-2004) «компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы» мамандығымен, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2004-2006) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР БП ҚСАЕАК органдарына 20 жыл», «Құрмет» орденімен марапатталған. NAT  АҚ, «Ізет» ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері (2004 жылға дейін). «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, Куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда IT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары (09.2004-11.2007); «AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (09.2004-11.2007); Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы (11.2007-04.2010); Байланыс және ақпарат министрлігінде (Көлік және коммуникациялар министрлігі) Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары (04.2010-04.2011); Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (04.2011-03.2012); Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (03.2012-04.2014); «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (04.2014-08.2014); «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (08.2014-01.2017); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы (01.2017-05.2018); Bi Group құрылыс холдингі Басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы (05.2018-06.2019); IT кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да IT-стартаптардың негізін қалаушы (06.2019-03.2020) қызметтерін атқарған. Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі (03.2020-07.2020); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (07.2020-09.2020); 2020 жылы 2 қыркүйектен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып  қызмет атқарды.