Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне қайта тағайындалды
Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне қайта тағайындалды
506
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады. 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2021-2022 жылдары VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2022-2023 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымын атқарды. 2023 жылдың қаңтарынан бері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметінде.