Шавкат Рахмоновқа элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер кілті табысталды
Шавкат Рахмоновқа элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер кілті табысталды
3,382
оқылды
Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Ақтау қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтердің иесі атанды, – деп хабарлайды Prosports.kz. Еске салайық, Шавкат Алматы, Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында жылжымайтын мүлік құрылысымен айналысатын NB HOLDING құрылыс компаниясынан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтерді сыйлыққа алған болатын. Шавкатқа пәтер берілетіні былтыр шілде айында Ақтауға «Наиза» мен «Игл» футбол клубтарының бірлескен турниріне келгенде белгілі болды.