«Қаңтар оқиғасын ұмытпауы тиіс» – бензин бағасының қымбаттауына қатысты сарапшы пікірі
«Қаңтар оқиғасын ұмытпауы тиіс» – бензин бағасының қымбаттауына қатысты сарапшы пікірі
Фото: profile.ru
2,158
оқылды
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтеріледі. Тасымал құны көтерілсе, азық-түлік, тауар бағасы да шарықтайды. Сарапшылар бағаның көтерілуіне алыпсатар делдалдар ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Маманның пікірінше, мұнай-газ секторында трейдинг саласын цифрландыру керек. Мұнай-газ саласының сарапшысы Асылбек Жәкиевтің пайымдауынша, бағаны 20 пайызға көтерген билік бензинді көлеңкелі жолмен сыртқа таситындардан бәрібір құтылмайды. Себебі, мәселені шешу үшін бағаны Ресеймен теңестіру керек болады.
«Халықты ойлау керек. Қаңтар оқиғасы кезінде халық «Газ бағасы 50 теңгеден көтерілмесін!» деген талап қойды. Осыны ұмытпайық. Атқарушы органдар, жалпы билік осы мәселені қарастыруы керек.  Екінші мәселе мұнай-газ секторында трейдинг саласын цифрландыру қажет. Биржалар ашық, анық жұмыс істеуі тиіс. Бағаның көтеріп отырған делдалдардың бәрін алып тастау қажет», – дейді сарапшы Асылбек Жакиев.
Былтыр газ бағасының қымбаттауына қарсы батыс өңірлерде басталған наразылық акциясының соңы Қазақстанда Қаңтар көтерілісіне ұласқан еді.