Көкшетауда вокзал маңы ауданында 2005 жылы туған жасөспірім тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Суыт оқиғадан 18 жастағы студент жігіт бірден көз жұмған. Полиция аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
– Қайғылы оқиға 5 сәуірде Көкшетау қаласында болды. Алдын ала ақпарат бойынша, 2005 жылы туған кәмелетке толмаған бала тоғыз қабатты үйдің төбесінен секірген. Алған ауыр жарақаттардан ол бірден көз жұмды.
Осы факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полиция тергеу амалдары жүріп жатқандықтан басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.