«ORAL JASTARY» фестивалі бастау алды
«ORAL JASTARY» фестивалі бастау алды
532
оқылды
Орал қаласында сту­денттер арасындағы «ORAL JASTARY» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шара­ны ұйымдастырушылар – Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты. Шараға қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы қатысып, қа­тысушы студенттерге сәттілік тіледі. Салта­натты іс-шараға Ұлттық ұланының 5517 әскери бө­лім басшысы Сағындық Ахмадиұлы қолдау көрсетіп, фес­тивальге бөлім сарбаздары да қатысты. «Жастар мәдениет сарайының» ұжымы шараның көркін қыздырса, барабаншы жастардан құралған Орал қа­ла­сындағы физика-математика ба­ғытындағы Назарбаев Зият­керлік мектебінің оқушылары жиналған жастарға рухани дем берді. Ендігі кезекте, фестивальге қатысушылар 11 аталым бойынша бақтарын сынап, тартысты са­йысқа түседі.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ