Сандуғаш Қалыбекқызы: Zein – зияткерлік орта
Сандуғаш Қалыбекқызы: Zein – зияткерлік орта
905
оқылды
Бірнеше айдан бері Астанада ғылымдағы әйелдерге арналған Zein клубы жұмыс істеп келеді. Оның аясында докторант қыздар апта сайын бранч басында жиналып, шай ішіп, әңгіме-дүкен құрып, өздерінің оқудағы тәжірибесімен бөліседі. Клубты химик ғалым, Мармара университетінің түлегі, PhD Сандуғаш Қалыбекқызы құрған. – Ғылымдағы қыз балаларға арналған Zein коммюнитиін құру туралы идея қалай келді? – Бұл идея докторантурада оқып жүр­ге­нім­де келді. Докторантура – бірнеше кезеңнен тұра­тын әрі төрт жылды алатын ұзақ та күрделі про­цесс қой. Оның барысында докторант әр­түрлі қиындықтан өтеді. Оқу кезінде көбіне топ­­пен жұмыс істейміз, сонда жанымдағы әріп­­тес қыздардың бәрі психологиялық, мора­ль­дық қолдауды қажетсінетінін сезетінмін. Док­торант қыз болсаң, сен өміріңнің барлық ке­зеңінде оқуыңды есепке алып жүруің керек. Бір ай демалысым еді деп кетіп қала алмайсың. Тіп­ті, бір әріптес қыздың: «Кез келген жерге бар­сам, өзіммен бірге ноутбук алып жүремін. Өйт­кені супервайзерім кез келген уақытта ма­қала сұрап қалуы мүмкін» деп айтқаны есімде. Сол кездері осы докторантураны бітіргеннен кейін өзімді ғылымдағы әйелдер қауымына мо­тиватор ретінде көргім келетінін, қауым­дас­тық ашқым келетінін түсіндім. Әдетте біздер уни­верситетте қыздармен бранч басында жо­лығып тұратынбыз, сонда әрқайсысымыз өз мәселемізді ашық айтып, бір-бірімізден ақыл-кеңес сұрап, арқа-жарқа болып қалатын едік. Осындай жиналыстар бізге кәдімгідей күш-қуат беретін. Zein клубы да осы мақсатта өмірге кел­ді. Бұл клуб менің үлкен идеямның бір бө­лігі ғана дер едім. – Жоба қалай жүзеге асып жатыр? Қандай қиын­дықтар туды? Бүгінге дейін қандай ойлар түйе алдыңыз? – Осыған дейін клуб аясында жеті кездесу өт­­­­кіздік. Кейде апта сайын, кейде екі аптада бір жиналып тұрамыз. Тұрақты мүшелеріміз де бар. Олар да бұл клубтың жауапкершілігін қол­да­рына алған. Алдағы уақытта уни­вер­си­тет­терде, тіпті басқа қалаларда тәжірибе бөлі­сетін се­минарлар ұйымдастырғымыз келеді. Ба­сын­да күмән болатын, қыздар келмей қалса, 1-2 рет келіп, соңынан тастап кетсе не істеймін де­­­гендей. Сосын екі адам болса да бастай бе­ре­мін деген шешім қабылдадым. Адамда ма­те­риалдық қажеттіліктен бөлек, қоғамдық жауап­кершілік те болуы керек деп санаймын. Осы клубты да дәл сол «қоғамға пайдалы бол­сам» деген оймен аштым. Қазір қаржылай де­­меушілер тарту тетігін қарастырып жа­тыр­мын. Zein зияткерлік орта – Докторантурада оқудың қыз балалар үшін қиын­дықтары қай тұста? Сіздіңше, бұл кедер­гі­лер ғылымда ер адамдардың басым болу құбы­лысын түсіндіріп бере ала ма? – Мойындау керек, әйелдің отбасылық жауап­кершілігі бәрібір ерлердікінен көбірек. Ер адамдар да отбасыға жауапты, бірақ олар­дың физикалық жауапкершілігі азырақ. Оларға таңнан кешке дейін үйде отырмаса да болады. Ал әйел олай істей алмайды. Сол себепті де кей­бір докторант қыздар тұрмыс құруға ой­ла­нып жүреді. Жасы келіп, тұрмысқа шыққылары кел­се де, «докторантурамен бірге алып жүре алам ба, одан да бітіріп алайын, сосын тұр­мыс­қа шыға жатармын» деп ақыры бұл ойын кейін­ге қалдыра береді. Отбасылы докторант қыз­дар­ға жолдасы қолдау көрсетпесе қиын. Өйт­ке­ні бұл – бір жыл теория оқып, бір жыл дис­­­­­­­­сер­та­ция жазып бітіре салатын магистратура емес. Сен мұнда өзіңнің ғана емес, жетекшіңнің де жо­баларымен айналысуың керек. Ұзақ мер­зім­ге жоспар құру қиындау. Сондықтан көп қыз оқуды бастайды да, кейін тастап кетеді. Сол үшін де ғылымдағы әйелдер саны азырақ деп ой­лаймын. Ең жаманы, ғылымнан екі жыл алыс­тасаңыз, кейін оралғанда, дәл сол жерден бас­тап кете алмайсыз. Бір мақала шығару үшін бірін­ші жыл зерттеу жасап, екінші жыл оны жа­зып, мақала етіп тапсырасыз, бағы жанып жат­са, үшінші жылы ғана ол жарияланады. Көр­діңіз бе, аз ғана үзіліс қандай қымбатқа тү­се­ді?! Сондықтан ғылымдағы әйелдерге қо­сым­ша қолдау керек. – Түркиядағы оқуыңыз жайлы айтсаңыз… Отан­дық жоғары білім беру жүйесінен қандай ере­кшеліктерін байқадыңыз? – Онда Turkiye Burslari бағдарламасы арқы­лы бакалавриаттан бастап оқыдым. Маман­ды­ғым – химия. Біздің елде қолданбалы ғылым он­ша дамымаған. Мәселен, түрік докторант­тары мемлекеттен шәкіртақы алмауы мүмкін. Бірақ олар ғылыми жобаларын индустриалдық компанияда жүріп жасап, сол жақтан жалақы ала алады. Көп компанияда Research and Development («Зерттеу және даму») деген арнайы бө­лімдері бар. Сонда докторанттар оқуды бі­тіргенде, оларда академиялық қабырғада ғана емес, индустрияда да жұмыс істеу тәжірибесі бо­лады. Сондай-ақ оларда, мысалы, Tübitak сияқ­ты ғылымды дамытуға бағытталған ар­найы ұйымдар бар. Оның аясында ұлттық зер­ттеу қауымдастығы үшін басымдықтағы жо­­­баларға қолдау көрсетіледі, сонымен қатар өнер­кәсіпке де белгілі бір техникалық мәсе­лелерді шешуге көмектеседі. зияткерлік орта – Қандай тақырыптарда зерттеулер жа­са­дыңыз? Докторлық диссертацияңыз не туралы бол­ды? Оның маңызы, жаңалығы қандай? – Мен иілгіш литий-ионды батареялардың ком­поненттерін зерттедім. Иілгіш батареяның құра­мындағы әрбір компонентті иілгіш етіп жа­сау – үлкен жұмыс. Мұндай батареялар қауіп­сіз болуымен қатар, бүгінде киім өн­дірі­сінде, иілгіш сағаттарда қолдануға қолайлы. – Жаратылыстану саласындағы отандық ға­лымдардың тапшы болу себебін немен бай­ла­ныстырар едіңіз? – Тек жаратылыстану саласында емес, бү­кіл ғылымда ғалымдар аз дер едім. Бұл – ме­нің­ше, белгілі бір уақытқа дейін ғылымға дұ­рыс көңіл бөлінбегеннің әрі оның беделінің жоқ­тығының салдары. Басқа салаларда төрт жыл оқуыңды оқып, оны бітірген соң 1-2 жыл ішін­де соның жемісін жей бастайсың. Ғылымда нә­тиже сізге олай тез келе қоймайды. Сондық­тан да көп адам соңына жетпей тастап кетеді. Сондықтан олар ғылымда қалатындай жағдай жасау керек деп ойлаймын. – Әңгімеңізге рақмет!