Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Aikyn.kzҚаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бір күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.