Елордада жол апатын жасап, ізін суытқан КамАЗ жүргізушісіне іздеу жарияланды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«7 сәуірде таңертеңгі сағат 08.20 шамасында «КамАЗ«маркалы көліктің жүргізушісі К.Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай жүріп келе жатып, тұрақта тұрған 6 автомобильді соққан. Бірнеше метр жүргеннен кейін ол көлігінен шығып, оқиға орнынан қашып кеткен» делінген хабарламада.
Полиция дерегінше, апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.