«Ұлттық банк тоқсан сайын 25 млрд, жылына 100 млрд теңге делінген ақпаратты қадағалайтын болады. Қазір бұл параметрлерді өзгертуге қатысты ешқандай жоспар жоқ», – деді ол.Сонымен қатар ол арзан әрі нарыққа сай келмейтін несие ұсыну Ұлттық банктің міндеті еместігін баса айтты. Оның сөзінше, іс-шара дағдарысқа қарсы жасалды. Ұлттық банк бұл бағдарламаға қатысты. Олардың барлығы дағдарысқа қарсы әрі уақытылы еді. Сондай-ақ Ғалымжан Пірматов бағдарламаның уақытша ғана болғандығын қоса кетті.
«Естеріңізде болса, 2018 жылы ол жария етілген кезде 1 трлн теңге бөлінетіндігі айтылды және бұл қаражат осы жылдың бірінші жартыжылдығында таусылуы тиіс. Демек, іс жүзінде біз барлық міндеттемені орындаймыз. Уәде беріп, артынан қысқартып тастау деген жоқ. Бұл бағдарламаны үнемі болатындығын әрі қаржыға қатысты ешқандай шектеу жоқтығын ешкім айтқан жоқ», – деді ол.
М.ХАҚНАЗАР