Назгүл Естеусізова: Әлеуметтік желідегі қарызды жабуға «көмек көрсететін» делдалдардан бас тартқан жөн
Назгүл Естеусізова: Әлеуметтік желідегі қарызды жабуға «көмек көрсететін» делдалдардан бас тартқан жөн
«Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» ЗТҚ төрағасы Назгүл Естеусізова
1,835
оқылды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2022 жылы қазақстандықтардың басым бөлігі, нақты айтқанда, 55%-дан аса бөлігі қаржылық алаяқтықтың түрлі тәсілдеріне тап болып, делдал қызметтерінің құрбанына айналған. Осылайша, азаматтардың 34,2%-ы интернет-алаяқтардың фишингілік қоңырауын қабылдаған. Азаматтардың 32,7%-ы делдалдарға алданғанын, 21,6%-ы қаржы пирамидасына тіркелгенін, ал 11,5%-ы қаражатты төлем картасынан алудың заңсыз тәсілдеріне жолыққанын айтқан. Осы жылдың басынан нақты бір төлем үшін қарызды есептен шығаруға, қарызды ресімдеуге немесе мерзімі өткен берешектер бойынша өтеудің жаңа кестесін алуға «көмек көрсетуге» дайын кредиттік делдалдардың ұсыныстарының саны артқан. Делдалдар «кредиттік тарихқа түзету енгізу», «проблемалы кредитті банктер мен МҚҰ базасынан алып тастау», «кредитті кез келген сомаға ресімдеу», «мерзімі өткен қарыздар бойынша жаңа өтеу кестесін алу» және т.с.с. қызметтерді ұсынады. Әлеуметтік желілерде ұқсас ұсыныстар көп. Алайда мұндай ұсыныстарды жасайтын делдалдар аңқау және күрделі өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың есебінен табыс табуды мақсат етеді. Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығының басшысы Ербол Омарханов «көмекші» және «жалған заңгер» деп аталатын кредиттік делдалдармен байланысты проблемалар айтарлықтай терең және күрделі екенін айтады.   [caption id="attachment_248384" align="alignnone" width="1280"] width= Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығының басшысы Ербол Омарханов[/caption]

«Соңғы уақытта МҚҰ нарығында қарыз алушыларды микрокредиттер бойынша қарыздарын төлемеуге шақыратын және ситуацияларды реттеуге, қарыздарды есептен шығаруға, қарыздар бойынша мерзімін кейінге қалдыруға көмек көрсетуге және т.с.с. қызметтерді ұсынуға дайын түрлі «көмекшілер», «жалған заңгерлер», «қаржылық кеңесшілер» көбейіп кетті. Олар мұқтаж жандарға үміт береді, ал кейбір мұндай делдалдар өз қызметтері үшін біздің клиенттерімізден тіпті өз қызметтері үшін ақша алады», – деді ҚМҰҚ басшысы.

Негізгі қиыншылық консалтингтік пен делдалдық қызметтер нарығына тыйым салуға болмайтындығында және кез келген азамат мұндай «делдалдардың» немесе «кеңесшілердің» қызметтеріне жүгінуге құқылы екендігінде десе де болады. Алайда мұндай «көмекке» жүгінген азаматтар қаражатын босқа жоғалтып қана қоймай, өзінің мәселесін шешпей қалуы ықтимал. «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» ЗТҚ төрағасы Назгүл Естеусізованың сөзіне сүйенсек, қарыз алушылар әдетте қаржылық мәселелерін шешеміз деген үмітпен «көмекшілер» мен «жалған заңгерлердің» қармағына өздері түседі және коллекторлық агенттіктермен серіктестіктен бас тартады екен.

«Көмекшілер» мен «жалған заңгерлердің» нысаналы аудиториясы – проблемалы берешегі бар және банктен немесе МҚҰ-дан кредит ала алмай жүрген азаматтар. Әдетте олар кредиторлармен немесе коллекторлармен қарызды өтеу туралы ортақ келісімді іздемейді, оның орнына заңсыз тәсілдерді қолдана отырып, кредиттен құтылуды мақсат етеді. Біз коллекторлық агенттіктердің атынан азаматтарға түрлі әлеуметтік желілерде жарияланатын қарызды жабу, жаңа өтеу кестелерін әзірлеу секілді көмек көрсету туралы ұсыныстардан мүлдем бас тартуға шақырамыз. Шын мәнінде, олар ешнәрсені түземейді, керісінше қарыз алушының онсыз да күрделі қаржылық жағдайын ушықтырып жіберуі ықтимал», – деді ҚКҰП төрағасы.

Естеусізова ханым ҚКҰП STOP-COLLECTOR.KZ жобасының шеңберінде кестені ұсыну қызметі, проблемалы кредиттер бойынша қаржы және заң саласында кеңес беру тегін көрсетілетінін еске салады. Мысалы, егер қандай да бір ұйым немесе жеке тұлға қарызгерге кредитін есептен шығаруды, жаңа кестені алуды немесе кредиттік тарихты тазалау секілді қызметтерді ұсынса, өз қызметтері үшін қарыз сомасының кемінде 5-10%-ын сұрайды. Мұндай мәміленің нәтижесінде, қарызгер кезекті жолы қаражатынан айырылады және берілген соманы болашақта ешкім өтемейді. Аталған «көмекшілердің» құрбаны болмау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі мұндай ұсыныстарды елемеу, жеке дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеу қажет. Кредиттерге байланысты проблемаларды шешу үшін қарыз ресімделген ұйымға немесе проблемалы қарызбен айналысатын коллекторлық агенттікке, сонымен қатар Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығының немесе Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасының байланыс орталықтарына ғана жүгінгені абзал.

Арман ЕРМАХАН