«AMANAT CUP»: жеңімпаздар анықталды
«AMANAT CUP»: жеңімпаздар анықталды
808
оқылды
Қазақстанның өнерлі аза­­маттары сахнада ғана емес, футбол алаңында да кез­десуде. Мұндай мүмкін­дікті оларға «AMANAT CUP»: өнер және медиа қызмет­керле­рінің ел чемпионаты берді. Өткен жексенбіде Алматы қаласында футболдан өнерлі жастар арасында қызықты тартыс өтті. Онда еліміздің ең үздік деген 8 медиа командасы ойнады. «AMANAT» партиясының ку­богына арналған жарыс алғаш рет өтіп отырған жоқ. Партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ойын мәдениет са­ласында жүрген қызметкерлердің демалыс уақыттарын тиімді пай­далануға бағытталған. Жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеуді көздейді. Жыл сайын ел чемпионатының ауқымы кеңейіп келеді. «Тұрақты негізде өтетін «AMANAT» партиясының ку­богына арналған жарыс еліміздің әр қаласынан жиналған жас өнер саңлақтары мен мәдениет май­талмандарын жинауда. Бірін­шіден, бұл қатысушылар үшін жұмыстан тыс уақытта пайдалы басқосу болса, екін­шіден, сала­матты өмір салтын қалыптастыру. Жастардың спорт­пен шұғыл­данып, дені сау ұрпақ тәрбие­леуіне жастар қа­наты жан-жақты үлесін қосу­да», – деді «Жастар Рухы» жас­тар қанатының төра­ғасы Нұр­жан Жетпісбаев. Чемпионат нәтижесі бойын­ша ақшалай сыйлық пен бас жүлдені «LF QURMAN» құра­масы алса, екінші орынды Қос­танай облысының «ARQALYQ» командасы жеңіп алды. Ал үшін­ші орынды «ZHAMBYL» ко­ман­дасы иеленді. «Биылғы матчтың ерекшелігі – финалдық ойынның Youtube арнамызда тікелей эфирден көр­сетілуі. Біз ашықтықты қолдай­мыз», – деп атап өтті жарыстың ұйым­дастырушысы, тележүр­гізу­ші Нұрсұлтан Құрман. Сондай-ақ, турнир қорытын­дысында 5 номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік қақпашы» – Мейірбек Жұбатов (LF QURMAN), «Үздік шабуылшы» – Рауль Мақсотов (MADENIET ORAL), «Үздік қорғаушы» – Сұлтан Бақыткириев (ARQALYQ), «Үздік ойыншы» – Елдос Өмір­хан (LF QURMAN), ал «Жаңа есім» – Әлиасқар Та­ғай­беков (ZHAMBYL) болды.