Қызылордада студент мектеп оқушысын соққыға жықты
Қызылордада студент мектеп оқушысын соққыға жықты
Фото: avtoradio.kz
617
оқылды
Қызылорда қаласында 10 сәуір күні төбелестен жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полицияның мәліметінше, оқиға 10 сәуір сағат 17.35 шамасында Қызылордада қаласында болған. Полицияға көпқабатты үйдің ауласында екі жасөпірім төбелескені туралы хабар түскен. Оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімінің өкілі мәлімет таратты.
«Қызылордада «Ақмешіт» шағынауданында №136 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы мен №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы ерегескен. «Орда» колледжінің студенті №136 мектепте оқитын інісіне жақтасып, жарақат алған жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен», – деп жазылған ресми хабарламада.
Бұған дейін Қызылорда облысында спортшыны бір топ бала ұрып-соғып, видеоға түсіргені туралы хабарлаған болатынбыз.