Ауыл ішіндегі жолда көлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 10 сәуір күні Бәйтерек ауданы Переметный кентінде болды.
«Шамамен сағат 19.30-да 1997 жылы туған жүргізуші Volkswagen Passat автокөлігімен келе жатқан. Гагарин көшесі 92-үйдің қарама-қарсы бетінде бұрылу кезінде Suzuki мотоцикліне жол бермеген. Соның салдарынан мотоциклді тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіні қағып кетті. Мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицей.