Байқоңырда үшем дүниеге келді
Байқоңырда үшем дүниеге келді
764
оқылды
Сыр өңірінде үшем дүниеге келді. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында босанған Байқоңыр қаласының 31 жасар тұрғыны Әйгерім Әлімханова  сәбилеріне Айлин, Анель, Адель деген есім беріпті. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлмдеуінше, аталмыш бағдарлама 2021 жылдан бастап елімізде қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. Бағдарлама аясында 2021 жылы Қызылорда облысына 281 квота бөлінген Соның негізінде ЭКҰ арқылы 119 бала туылып, 3 отбасында егіз сәбилер дүниеге келіпті.  width= Сонымен қатар 2022 жылы бөлінген 277 квота да толық пайдаланылған. Ал 2023 жылға  бұл бағдарлама бойынша 274 квота бөлінсе, бүгінгі күні оның 92-сі игерілген. Жыл аяғына дейін қалған 182 квота игерілетін болады. Қазіргі таңда аталмыш бағдарламаның игілігін көрген байқоңырлық ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Шақалақтар 1180, 1200, 1400 грамм болып туылған. Үшем Байқоңыр қаласында туылып, сол күні санитарлық авиация желісі арқылы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Шақалақтар орталық неонатологтардың ерекше күтіміне алынған.