Қазақстандық Зәуреш Ақашева мен Сарвиноз Миркадирова үстел теннисінен әлем чемпионатына жолдама алды. Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдегендей, З.Ақашева мен С.Миркадирова ITTF рейтингісі бойынша 20-28 мамырда Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтетін дүниежүзілік додада бақ сынайтын болды. Олар жекелей есепте өнер көрсетеді. Сондай-ақ Зәуреш жұптық және аралас сында шеберлік байқасады. Бұдан бұрын жылдың басты додасына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Денис Жолудев, Сағынтай Құрмамбаев және Анастасия Лаврова жолдама алған еді.