«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрт аудандық бөлімінде арнайы құрылған жұмыс топтары әлеуметтік маңызы бар объектілерде тауарлардың бар болуына және олардың бағаларына мониторинг жасауда. Топ сауда орталықтары, базар, дүкен, дәріхана, жанармай құю бекеттеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мониторинг барысында Еңбекші ауданында орналасқан сауда орнында күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді. Азық-түлік дүкендерінде тауарлардың сатылымдағы бағаларына сәйкес айырмашылықтарына мән беріп, жіті бақыланды. Ал Абай аудандық Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірнеше дәріханада болып, дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстарын жалғастырды. Мониторинг топтары жанар-жағармай бекеттерінде де болды. Алдағы уақытта қала аумағындағы жұмысшы топтар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алатын болады.
Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ