Коронавирус жөніндегі Үкіметтегі отырыс: Денсаулық сақтау министрлігінде ақпаратты жоққа шығарды
Коронавирус жөніндегі Үкіметтегі отырыс: Денсаулық сақтау министрлігінде ақпаратты жоққа шығарды
© Сурет ғаламтордан
349
оқылды
Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде ҚР Үкіметінде коронавирус бойынша өткен шұғыл отырыс туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламада  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирустың таралуын жоққа шығармайтыныы, оқушылар мен студенттерді демалысқа жіберу жоспарланып отырғаны, қоғамдық көліктерге тексеру жүргізілетіні,  барлық қоғамдық іс-шаралар болмайтыны және 2 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдар қатаң тәртіпке көшетіні айтылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. – деп ресми хабарлайды. "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттық қорларға берілмеуді және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Барлық нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан және ДСМ Facebook және Комитеттің беттерінен ала аласыз", - деп хабарлады ведомстводан.