Павлодарда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесін құлап кетіп, көз жұмды, – деп хабарлады Pavlodarnews.kz. Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының мәліметінше, бала 9-қабаттағы терезеден құлаған.
«Баланың терезеден құлауына қатысты шақырту сағат 18.32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», – делінген хабарламада.Бала оқиға орнында көз жұмды.