20 миллион доллардың сағатын таққан Димаш әлеуметтік желіні шулатты
20 миллион доллардың сағатын таққан Димаш әлеуметтік желіні шулатты
19,440
оқылды
Талай арудың жүрегін жаулаған Димаш Әділет өз оқырмандарына әлемдегі ең қымбат сағаттардың бірін көрсетті. Мұндай мәліметті Press.kz порталы жариялады. Танымал инстаблогер, «ТНТ-дағы бойдақтар» шоуының қатысушысы Димаш Әділет бірнеше жылдан бері Женевада тұрады. Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында Женевадағы Watches&Wonders сағат индустриясының ең үлкен іс-шарасына қатысқанын айтты. Көрмеге арнайы барған Димаш өз оқырмандарына қолына таққан 20 миллион долларға бағаланған сағатты көрсетуді ұмытпады. Танымал блогер сағаттың кімге тиесілі екенін жазбады, десе де оқырмандары оны сынап, бұлай мақтанғанша өз еліңдегі мұқтаж жандарға көмектескенің артық еді деп жазды. [caption id="attachment_248954" align="alignnone" width="1280"]Димаш ©instagram.com/dimashadilet[/caption]
– Сағат әлемінің барлық таңғажайып жаңалықтарын көру қызықты болды. Жиында біраздан бері көрмеген достарыммен жүздескеніме қуаныштымын! Биылғы жылы көптеген ерекше сағат шығарылды. Алайда ең жарқын және ең қымбат сағат деп Jacob&Co Billionaire Timeless Treasure компаниясының 20 миллион долларлық Piece Unique (жалғыз данасы) брендін айтамын. Оны сіз менің қолымнан көріп тұрсыз. Сағат 425 сары гауһармен безендірілген (салмағы 217 карат), – деді Димаш.
Хейтерлер бұл жазбаның астына түрлі пікір қалдырудан қаймықпады: "Бұл сағат маған алтын дәретхананы еске түсірді ", "Әлемде көптеген проблема болған кезде біз сағаттарды талқылағанымыз қызық. Біреудің қолындағы қымбат сағат – біреудің өмірін құтқару да мүмкін", "Менің 20 мың теңгелік сағатым сіздің 20 миллион долларлық сағатыңызбен бірдей уақытты көрсетеді" деп жазды.