Өзін Болат Назарбаевтың тоқалы деп таныстырған өнер иесінің қазіргі жеке өмірі көпшілікке қызық.
“Қазір жалғызсыз ба? Тұрмыс құруға ниетіңіз бар ма?” деген оқырман сұрағына Динара: “Басым бос, тұрмысқа шығуға ниетім бар” деп жауап берді. Айтуынша, оны болашақ күйеуінің материалдық жағдайы қызықтырмайды.
Желі қолданушысының: “Тұрмысқа шығу үшін жігіттің жағдайына қарайсың ба?” деген сауалына әнші: “Жоқ”, – деп қысқа жауап қайырды.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Болат Назарбаевтың экс-тоқалы айтқан деректерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәлімдеме жасаған болатын.