Шымкентте туберкулезге шалдыққан мұғалім оқушыларға сабақ берген.
Туберкулезге шалдыққан мұғалім оқушыларға сабақ берген
1,248
оқылды

Шымкентте туберкулезге шалдыққан мұғалім оқушыларға сабақ берген. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Шымкент қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі диспансерге жатқызылды.

Сәуірдің 7-сі күні кешкісін өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған мұғалім қалалық туберкулезге қарсы диспансерге жеткізілген. Алынған анализдер қорытындысы жексенбі күні туберкулез анықталған.

«Биыл 16 наурыз күні мұғалім флюорографиядан өткен. Нәтижесінде, «хранический бронхит» деген диагноз қойылған. Мұғалім мектепте талып құлады деген сөз – жалған. Мектеп басшылығы тарапынан 10 сәуір күні залалсыздандыру жұмысы, ал 11 сәуір күні СЭС қызметкерлері дизенфекция жүргізді», – делінген Шымкент қалалық білім басқармасы таратқан ресми хабарламада.

Мамандар оқушылар үшін қауіп жоқ екенін айтты. Алайда, оқушылардан манту сынамасын алу басталды.