«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райына Қара теңіз аймағынан келетін циклон әсер етеді.
Нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-батыс, орталықта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталық, оңтүстік, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, қар жауады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік, шығыс, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.