Премьер-министр коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді.
Смайылов Жезқазғандағы ЖЭО-ның жұмысын тексеруге барады
1,110
оқылды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Премьер-министр Жезқазған ЖЭО және басқа да коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді.

 

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің дамуымен, сондай-ақ бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысады.