Он тәулік ішінде полицейлер ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстанның 114 азаматын анықтаған.
Полиция Түркістан облысында 50 шетелдікті еліне қайтарды
1,810
оқылды

Түркістан облысында 50 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов өңірде заңсыз көші-қонды жіті қадағалауға тапсырма берді.

Облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында тікелей тапсырма беріп, арнайы топ құрды.

Он тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстанның 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс құжаттар жергілікті сотқа жолданды.

Ереже бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Төрт шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстанның екі азаматының әрқайсысына ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Шетелдіктерді заңда белгіленген тәртіп бойынша жұмысқа қабылдамаған үш қазақстандықты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапқа тартты.