Атырауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан.
Оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушысы Аликош Романова жүктеді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 сәуірде болған.
«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.