Оқиға 13 сәуір күні түс мезгілінде болған
Таразда түзеу мекемесінің аумағына трамадол таблеткаларын лақтырған күдікті ұсталды
1,296
оқылды
Таразда түзеу мекемесінің аумағына трамадол таблеткаларын лақтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Заңға қайшы оқиға 13 сәуір күні түс мезгілінде болған. Дәл осы уақытта ахуалдық орталықтың операторынан №8 учаскедегі күзетілген аймаққа күдікті азаматтың белгісіз бір затты лақтырғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Кезекші топтың жедел әрекет етуінің нәтижесінде түзеу мекемесінің тәртібін бұзған ер азамат көп ұзамай ұсталды.