«Мұнайтелеком» ЖШС-да өткен кездесуде мекеме қызмет­керлері қалада құрылыс көп са­лынып жатқандықтан, ауызсу тапшылығы туындап отырғанын және медицина саласының ақсап жатқанын айтты
Еңбек ұжымдарымен кездесті
1,095
оқылды

«АMANAT» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы­ның ұжымы мен партиядан сайланған мәслихат де­путаттары «Мұнайтелеком» ЖШС және «АқтауТеңіз­Порты» ЖШС-на барып, ең­бек ұжымдарымен кездесті.

Алдымен олар «Мұнайте­леком» ЖШС-на барып, ұсы­ныстары мен пікірлерін тыңдады. «АMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұханбет Сәбенұлы ұжымға партияның жұмысын таныстырса, ұйымдастыру бөлі­мінің меңгерушісі Салтанат Қашағанова бастауыш партия ұйымдарын жандандыруға ар­налған нысаналы трансферттің 20 пайызын қолдану туралы ай­тып берді, ал саяси жұмыстар бөлімінің маманы Серік Қожах­метов партиялық жобалар ая­сындағы жұмыстардың бағдарла­масын таныстырды.

«Мұнайтелеком» ЖШС-да өткен кездесуде мекеме қызмет­керлері қалада құрылыс көп са­лынып жатқандықтан, ауызсу тапшылығы туындап отырғанын және медицина саласының ақсап жатқанын айтты. Сондай-ақ 16-шы шағынауданнан бастап 33-ші шағынауданға дейін мектептің жоғын алға тартты. Көтерілген мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаты Нури Ту­мы­шев пен Ақтау қалалық мәслихат депутаты Еркін Оңғалбаев жауап беріп, ұсыныстарын түртіп алды.

Ал Ақтау теңіз портындағы жиында ұжым қызметкерлері «Жер аманаты» жобасы бо­йынша қанша жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын сұ­рап, қаңғыбас иттердің мәсе­лесін көтерді. Ама­наттықтар олардың сауалдарына жауап беріп, партия қызмет­керлері әр­дайым тұрғындардың ұсы­ныс-пікірлерін тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ