Ақтау қаласында Полиция департаменті басшысының орынбасары қол астындағы қызметкерді ұрып-соққаны туралы видео тарады. Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Ақтауда лауазымды полицейдің әріптесін ұрып-соққаны туралы видео тарады
2,878
оқылды

Видеоның түсініктемесінде Маңғыстау облысы ПД КПБ бастығының орынбасары "қызметкерлеріне тәртіп пен заңдылықты үйретудің орнына, оларды ұрып-соғып жатқаны" жазылған.

 Маңғыстау облысының Полиция департаменті ведомствоның Кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазір  қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.