Күдіктінің үйін тінту барысында 942 млн 902 мың теңгеден аса қаражат тәркіленді.
Cыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлері Талдықорған қалалық білім бөлімінің есепшісін ұстады
2,245
оқылды

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлері қалалық білім бөлімінің бас есепшісін ұстады, -  деп хабарлайды 24.kz

48 жастағы әйел адам ел аумағынан қашып кетпек болғанда қолға түскен. Күдіктінің үйін тінту барысында 942 млн 902 мың теңгеден аса қаражат тәркіленді. Сонымен қатар 21 үйдің, 14 пәтердің, 7 коммерциялық нысанның құжаты және Лэнд Крузер 200 көлігі, зергерлік бұйымдарының бар екені анықталды. Құны 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке прокуратура уақытша шектеу қойды.

Бас бухгалтермен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Оларға бірнеше жылдан бері бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Яғни,  күдіктілер өткен жылдың өзінде мектептер арқылы 750 млн теңгені меншіктеген.

Аталған іске қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.