Оның қарсыласы жергілікті спортшы Сук Хи Ан болды
Супер ауыр салмақтағы боксшымыз қарсыласын нокаутқа жіберді
5,510
оқылды

Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов профи-рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізді,  – деп хабарлайды kazproboxing парақшасы.

Н.Аманжолов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Сук Хи Ан болды. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын. Алайда үшінші раундта аяқталды – Аманжолов оппонентін нокаутқа рингтегі – жіберді.

Н.Аманжолов үшін бұл кәсіпқой рингтегі – бесінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші жеңісі. Оның қарсыласына келсек, Сук Хи Ан бұған дейін үш жекпе-жекте жеңіске жеткен, біреуін тең аяқтаған. Рингте екінші рет жығылып тұр.