Бүгін таңертең Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді.
Алматы маңында бүгін 2 рет жер сілкінді
1,451
оқылды

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8.55-те тіркелген.

«Эпидорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпидорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ  бүгін жергілікті уақытпен сағат 7.40-та да жер сілкінісі тіркелген. Оның эпидорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпидорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі  15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған.