"Приморский" тұрғыны Кәрім Свамбаев 6 сәуірде сағат 17.30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр аяқкиім киген.
Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.
Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адамды іздеп жатыр.
"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізіліп тұрады", – деді Lider.kz еріктілері.