Павлодар облысында жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта төбелес болып, тәрбиеленушілердің бірі соққыға жығылған. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – деп жазады КҮН.КЗ тілшісі.
Басшының өзі ұр деп айтқан: Павлодардағы балалар үйіндегі төбелеске қатысты жаңа дерек айтылды
2,507
оқылды

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейнежазба тарады. Кадрларға қарағанда, қыздар арасындағы жанжал оқушылардың жатын бөлмесінде басталған. Екі қыз өзге бір қызды төсектен еденге сүйреп апарып, ұра бастайды. Бірнеше оқушы араша түсіп, таяқ жеген қызды алып кетуге тырысады. Бірақ олар ұрып-соғуды жалғастырады, біреуі қолымен ұрады, ал екіншісі еденде жатып, күшпен тепкілейді.

Аталған видеоны әлеуметтік желіге жариялауын өтінген адамның пікірінше, мұндай видеоны түсіруге мектеп интернаттың басшысының өзі рұқсат берген. Видеоны түсіріп әрі оны көріп тұрған, күлген дауыс сол басшының даусы екені жазған. Тіпті, басшының  өзі балаларға «ұр» деп айтатынын да жазған.