Кемелбек Шәменов – соғыс ардагері. Ол Түркістан облысына қарасты Шәуілдір ауданында дүниеге келген. Соғыстан кейін түрлі салада еңбек еткен.
Ол қазір қызының қолында тұрады. Қызының өзі 70-тен асқан.
Өзі 4 баладан 15 немере мен екі шөбере сүйген.
Бүгінде Жамбыл облысында 17 соғыс ардагері тұрады. Ал 90 мен 100 жас аралығындағы 10 мыңнан аса адам бар.
"Денсаулығы шектеулі азаматтар көші-қон қызметіне өтініш білдірген жағдайда, осындай өзіміздің қызметіміз бойынша жеке куәлік береміз. Бүгінгі мына атамыздың жасы 102-де. Жыл басынан бері осындай 80 мен 100 жас арасындағы 38 қарияға жеке куәлік бердік", – дейді қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Совет Кенжебаев.