Ауа райының нашарлауына байланысты қарлы боранның салдарынан бақташылар жылқыларын жоғалтып алған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 100-ге жуық жылқыны құтқарды
1,861
оқылды

15 сәуірде құтқарушыларға Бастау ауданы маңындағы Есіл өзенінде су басқан шалғындарда жылқылардың жайылып жүріп, кейін өздігінен шыға алмай қалғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына келген бойда ауа райының нашарлауына байланысты, атап айтқанда, қарлы боранның салдарынан бақташылар жылқыларын жоғалтып алғандығы белгілі болды.

Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дереу құтқарушылар мен техника жіберілді.

Құтқарушылар мұздың арасынан қайықпен жол ашып, жылқыларды қауіпсіз жерге айдап апарған, осылайша 100-ге жуық жылқыны қатып қалудан және суға батып кетуден аман алып қалған.

Басында жануарлар көмекке келген құтқарушылардан үрейленіп қаша бастаған, кейінірек мұздан ойылған жолмен жүріп құрғақ жерге шығарылды. 

 

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша қоңырау шалу қажеттігін еске салады.