Астана қаласы – Қарағанды облысының шекарасы» және Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы бағыттарында жол жабық
Ауа райының нашарлауына байланысты екі өңірде трасса жабылды
2,663
оқылды

«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, жел) «Астана қаласы – Қарағанды облысының шекарасы» және «Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы» бағыттары жабық», - делінген компания мәліметінде.

Жаңбыр, қар, қатты жел және көктайғаққа байланысты барлық көлік түрлеріне жабылған Астанадан шығатын жолдар:

- республикалық маңызы бар (Астана-Қорғалжын тасжолының 19-124 шақырым аралығы), «Астана қаласы – Қорғалжын ауданы» учаскесі;

- республикалық маңызы бар (Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасы, 1291-1353 шақырым аралығы), «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі;

- республикалық маңызы бар (Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолының 16-200 шақырым аралығы) «Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы» учаскесі.

Сондай-ақ Қазавтожолдың Қызылорда облысы бойынша филиалынан мәлім еткендей, Ақтөбе облысындағы көктайғақ пен қатты желге байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданы орталығына дейін) барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды.