16 сәуір күні «ВАЗ-217030» автокөлігі Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында аударылып қалған. Рульде 31 жастағы жүргізуші болған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ЖКО салдарынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Сараптамалар тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.