Апат орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барды.
Дәрігерлер Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
1,783
оқылды

Жаңаөзен қалалық ауруханасына жарылыстан зардап шеккен 13 адам жеткізілді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық аурухананың мәліметінше, жарылыстан 1994 жылы туған адам көз жұмды. Ауыр жағдайдағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің бірінде денесін – 80, екіншісін 50 пайызын күйік шалған. Тағы үшеуі травматология бөлімінде жатыр. 

Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қалғандарының жағдайы тұрақты. 

Апат орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барды.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде жарылыс салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер берілетіні туралы жазған болатынбыз.