Сала мамандарының айтуынша, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған 646 әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген
979
оқылды

Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлімдеді. Салаға жауаптылардың сөзінше, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес.

Орталықта тіркеуде тұратын азаматшалардың барлығы дені сау сәбиді дүниеге әкелген.  Дәрігерлер жаңадан туған ол сәбилерді бір жылдан кейін ғана есептен шығарып,  диагноз қояды.  Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығы бас дәрігерінің орныбасары Қожахмет Маширов АИТВ адам ағзасын әртүрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйені зақымдайтынын айтады.  

«Біз  АИТВ инфекциясын емдеуде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған хаттамаларды қолданамыз. АИТВ шалдыққан адамның өмірін дәрі беру арқылы ұзартуға болады.  Өмір ұзақтығына дейін созуға болады. Егер дәрі ішіп, уақытылы ем алса өмір ұзақтығы табиғи сау адаммен бірге созылуы мүмкін. Сонымен бірге олар өмірге дені сау бала әкеле алады», – дейді ол.

Салаға жауаптылардың сөзінше, ВИЧ-ке шалдыққандардың басым бөлігі  жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Өкініштісі сол, инфекция жұқтырғандар ауруын мойындамай, ем жасауға қарсылық танытып жатады екен. Алайда нәтиже көрсеткендей дер кезінде ем жасағандар жақсы көрсеткіш көрсете алады.

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы.