Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.
Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті
1,337
оқылды

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуірде түнде Павлодар облысының Екібастұз-1 өткелінің 303-шақырымында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқыларды байқап шұғыл тежеуді басады. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан жеті жылқы пойыз астында қалды. Пойыздың тұрағы 1 сағат 33 минутты құрады.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.