Бірнеше өңірде 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі.
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
1,584
оқылды

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде 23 м/с құрайды деп болжанады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түнде ауа температурасы -1-3 градус суық болып, үсік жүруі ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың басым бөлігінде ауа температурасы -1-6 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп күтіледі. Қызылорда қаласында түнде сынап бағаны -1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі ықтимал. 

Алматы облысында күн жауын-шашынды (жаңбыр соңы қарға ұласады), таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Таулы аудандар мен тау етегінде тұман,  көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда 23 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда сынап бағаны -3 градус суықты көрсетеді, үсік болады. Күндіз ауа температурасы 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында, солтүстігінде сынап бағаны -1-6 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түннің бірінші жартысында соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде -1-3 градус суық болады, үсік жүреді, күндіз 6-8 градус жылы болады деп күтіледі. Қонаев қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 17-22 м/с, Алакөл аудандарында кей уақытта 30 м/с дейін жетеді. Түнде солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы 4-9 градус жылы. Талдықорғанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанай қаласында батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оның екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны -1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Таразда тұман түседі. Күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Павлодарда күндіз жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Өскеменде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Семейде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.